Атмосфералық ауа – газдар қоспасы, ауаны ластанудан қорғау, заттардың ауада жануы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа - газдар қоспасы ,ауаны ластанудан қорғау,заттардың ауада жануы.
Мақсаты:
а) Ауаның құрамында газдардың қандай мөлшерде болатындығын, оның құрамының сақталуының экологиялық тұрғыдан маңыздылығын түсінуге мүмкіндік тудыру. Ауаның тазалығын сақтаудың шараларын түсіндіру. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық қабілеттерін дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру
б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатына, отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өзін табиғаттың бір бөлшегі екендігіне, табиғатпен өте тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу. Пәнаралық байланыс: физика, химия, қазақ тілі, медицина.
Түрі: жаңа сабақты игеру, түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: сызбалар,
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.
Италияда құшақтап амандасады,
Зимбабада бөксені түйістіріп, қол шапаттайды,
Македонияда шынтақтарын тигізе амандасады,
Никорагуада иық қағысады,
Бразилияда арқа сипайды,
Қазақтарда - қол алысып, төс қағысып амандасады.
Оқушыларды жапырақ түстері арқылы арқылы топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Оттегі периодтық жүйеде нешінші орында орналасқан? 2. Оттегінің валенттігін ата
3. Оттегінің қолданылуын айтып бер.
III. Жаңа сабақ.
(оқушыларға жұмбақ беріледі. )
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: