Ата салтым - асыл казынам

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ның шарты: Ауылдың алты ауызын айтады, қонақтан "қонақ кәде" сұрау бұл халқымыздың салты. Олай болса, қонақтар көз кезегі өздеріңізде.
Айболат: - О, несі бар, кім айтты сендерге, қонақтар өнерлі емес деп, солай емес пе Марал, менде көрші ауылдың бойжеткендеріне өз өнерімді көрсетіп қалайын. Халық әні "Үкілі қыз". Ұл - қыздардың өнеріне дән риза болған ақ жаулықты Ана:
- Өнерің үстем болсын.
- Өркенің өссін!
-Өнерлі болсаң осындай бол! - деп ақ батасын берді.
Динара: - Қыздар, мен бір сақина салмақ ойнын ойнатайын деп едім. Бұл ойынның шарты тіпті оңай. "Бір, екі, үш сақина ұш"-дейді. Ойын ойналады.
-Бұл ойында Мұхтар сен бір осалдық таныттың.
-Кәне, кәне, өнеріңді көрсет. ( Қыздар сықылықтап күледі). "Халық әні" орындалады.
-Қыздар, жігіттер, көрші ауылда бастаңғы болып жатыр дейді , кәне, сонда барайық.
-Жүріңдер, жүріңдер! (Бәрі залдан шығып бара жатады).
IV - бөлім: Ұлы мұраға тағзым
Жай әуенмен музыка ойналып тұрады.
1-ші жүргізуші. Қандай өзгеріс болып жатса да ата - әженің ұлағаты, әке мен ана тәрбиесі өскелең ұрпаққа өмірлік мұра. Ұлтының тарихын білу - болашаққа бағдар. Тәуелсіз Қазақстан елімізде әнұранымыз шарықтап, көк аспанымызда қыранымыз қалықтап, бірлікті ұран еткен бейбітшілік заманы өрлей берсін.
II-ші жүргізуші. Жылуы мол, ашық жайсаң, жайдарлы күндердің бірі. Әрбір ұланның қиял - ойында елесінің ұшында Қазақстан - 2030 жылдар. Мектебіміздің әрбір ұлан өзінің ойын былайша тұжырымдайды.
1-оқушы: Мультимедиамен сөйлеседі, бабалар ескерткіштері, қорымдар, тарихи жерлер туралы мағлұмат 2-3 минут.
2-оқушы: Мультимедиамен өнер тарландары сөйлейді. Атырау өлкесі ұлттық мұраларға - бай өлке. Жәдігерлер туралы 2-3 минут.
Жүргізушілер: Біз ХХ1 ға

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: