лқының жанын түсінбеген адам, тамыры шабылған ағашпен тең. Соны есте сақта! Біз саған сол өнердің бірін орындап берейік. Бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы "Қазақ биі".
III - бөлім: "Алтыбақан " ойын-сауық отауы
Алтыбақанды тербеткен ұл-қыздар өз өнерлерін көрсетіп жатты. Осы кезде басына тақия киген кішкене ұл бала үйге жүгіріп кереді.
- Әже, ауылға қонақ келді, қонақ келді.
- Кәне, балам, көрші ауылдың қыз-жігіттері келе жатыр ғой қарсы алайық! (Барлығы қуана амандасып, бірін - бірі қарсы алды).
1-ші жүргізуші.
Дәстүрдің жақсылығын қарсы алайық,
Достықтың құдыретін бағалайық.
Сарғайған санамызда сарқыншақтай
Арылып жан сарайын тазалайық.
II-шіжүргізуші.
Айлы түн, нұрлы жарық, мөлдір аспан
Әдемі жас көңілді құлпын ашқан
Секілді жасыл жайлау жас құрбылыр,
Шырқаңдар, шыққанша күн тоқтамас.
III. Алтыбақан әрі қарай жалғасын тапты.
Өлең өнер дегенмен
Өнері бар, әні бар,
Бойжеткені елімнің.
Салт -- дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына
Міне алтыбақан әрі қарай жалғасты.
Осы кезде ауыл жастары алтыбақанға отырып, әңгіме дүкен құрып жатады.
Динара: - Бүгін міне, көктемнің шуақты күнінде басымыз қосылып, жиналған екенбіз, қандай керемет, қош келдіңіздер!.
Мұхтар: - Иә, басымыз қосылып қалған екен, бір думан, өнер сайысын өткізіп, алтыбақан теуіп, бір қызыққа батайық. Алғашқы алтыбақанның төрі кімге бұйырар екен. Бойжеткендер отырсын.
Парасат: - О, мұндай ұлы қызықты босқа жібермейік, кәне, жігіттер, ойын қайда, ән қайда?!.
1. Ән кетеді.
Гүлнұр: - Ау, бозбалалар, мынау ауылымызға келген қонақтарды да ортаға шақырайық. Енді мен сендермен бір ойынды ойнағанды жөн көріп тұрмын. Ойналар ойынның аты " Асау көк".
Ойын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>