шесіне хат жазады. "Қымбатты менің туғандарым. Мен бейсенбі күні сағат 3-те үйдің жанынан өтемін. Егер мені үйге кірсін десеңдер, терезеге ақ орамал іліп қойыңдар. Ілулі тұрған орамалды көрсем, үйге кіремін, ал егерде болмаса, кірмей кетемін".
- Сіздер қалай ойлайсыздар, ақ орамал ілулі тұрды ма, әлде жоқ па?
/Барлық терезелерге ақ орамалдар ілінген, есік ашық тұрды. / Не себептен?
Жаттығу: "Мен сені жақсы көремін" . Жүректердің ішіне сөйлемді жалғастырамыз. "Ана! Мен сені жақсы көремін . . . . . . ", "Балам немесе қызым! Мен сені жақсы көремін. . . . "
Рефлексия: Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
түсіністік
достық
Ата-ана сыйластық Бала
ынтымақ
Түсіністік, сыйластық, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский "Балаларға жүрек жылуы" кітабында былай дейді. "Бала жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді. Ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау. "
Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? /ата-аналар және оқушылар өз ойларын айтады/
Соңында қолдарына жүректі алып, бір-біріне тілек айтады.
Страницы: << < 1 | 2