Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тренингтің тақырыбы: "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас"
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-ана мен балаға қолдау, көмек көрсету.
Психолог: Құрметті қонақтар, ата-аналар және ұстаздар қош келдіңіздер! Бүгінгі тренинг отбасыға байланысты болады.
"Отбасы" деген сөзге ассоциация айту.
Бүгінгі тренингтің тақырыбы: "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас"
Отбасы туралы бейнефильм көрсетіледі
Аңыз: "Бақытты отбасы"
- Ал,сіздер қалай ойлайсыздар қағазға қандай сөз жазылды. Ақ парақ қағазға сол сөзді жазыңыз. Бақытты отбасы болу үшін не керек?
Жаттығу: "Суретті жалғастыр"
Аналар суретті бастайды , "тоқта" деген сөзді айтқанда балалар жалғастырады. Бір-бірімен ақылдаспаймыз. Үндемей сурет саламыз.
- Сіздерге салынған сурет ұнады ма? Бірге жұмыс істеуге қиын болды -ма?
Жаттығу "Менің жақсы қасиеттерім"
Ақ қағаз бетіне өздеріңіздің алақандарыңыздың суретін саласыздар. Әр саусаққа жақсы қасиеттерді жазамыз. Ата-аналар балаңыздың жақсы қасиеттерін жазады, ал балалар- ата-аналардың. Жазып болғасын қағаздарды ауыстырып, оқып шығамыз.
- Осындай қасиеттер сіздің бойыңызда бар ма? Өздеріңіз туралы қандай жаңа қасиет білдіңіздер ?
Әңгіме: "Ата-ана жүрегі" Бір отбасында жалғыз баласы болыпты. Ол ер жетіп, басқа қалаға кетіпті. Өмірін ырду-дырдумен өткізеді , ата-анасына бір де хат жазбайды. Күндердің күнінде ақшасы таусылып, үйіне қайтуға тура келеді. Кәрі ата-анасынан ақша сұрауға ұялады, қаладағы өмірін аңсап, кеткісі келеді. Банкада ақша жатқанын байқап, ешкімге білдірмей ұрлап алып кетіп қалады. Тағы да көңілді өмір кешеді, тағы әке-шешесіне хат жазбайды. Ол да көпке жетпейді, амалсыздан әке-ше

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: