АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>


Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
2. Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде қағаз қиындыларын таңдайды. Тқиындыларды қалпына келтіреді сол бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
3. Ой жинақтау:
2 топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II -- топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

4. Ситуациялық сұрақтар:
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз "Мен сурет салып отырмын" деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Мектептен келген қызы мамасына: "Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте. . . деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы"- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
4. Мектептен келген балаңыз: "Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты" деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
1. "Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал" диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, "Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?" деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың су

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: