Тақырыбы: АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ
Сынып жетекшісі:Донгабакова А. К
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т. б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
1. "Танысу" жаттығуы;
2. Топқа бөлу;
3. Ой жинақтау;
4. Ситуациялық сұрақтар;
5. "Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал" диагностикасы;
6. "Өрмекші торы"
7. "Ашық айтсам. . . " жаттығуы;
8. Рефлексия;
9. Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің "тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы" атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.
1. "Танысу" жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>