Ата аналарға тұмау жөнінде.
Тұмау
Тұмау және жүктілік
Әрине, жүктілік кезінде ауруға жол беруге болмайды. Алайда, тоғыз ай ішінде ауырмаған әйелді сирек кездестіреміз. Сондықтан егер Сіздің танауыңыздан су ағып, тамағыңыз жыбырлағанын сезсеңіз, қорықпаңыз. Мүмкін, жай ғана салқын тиген болар, бұл болашақ сәбиге соншалықты қауіпті емес. Тұмау деп аталатын жұқпалы ауруды жұқтырып алсаңыз, қиыны сол.
Тұмау деген не?
Тұмаудың алғашқы белгілері баршаға мәлім - ол жоғары дене қызуы, әлсіздік, мұрын бітелу, жөтел, бас ауру. Тұмау ортомиксовирустар тобына жататын, Myxovirusinfluenzea деп аталатын анықталған вируспен таралады. Тұмауды жұқтыруға болмайды, бұл инфекция жұқтырған адамнан ауамен-сілекей тамшыларымен ағзаға өтеді.
Ағзаға түскен тұмау вирусы жылдам көбейіп, қан ағынымен бірге бүкіл денеге таралады. осылайша тыныс жолдарының сілекейлі қабы бұзылады, осыдан кейін ол өзінің қорғаныш қызметін атқара алмайды. Сондықтан да, тұмаудан кейінгі асқынулар қатарына пневмония, бронхит, отит, синусит сияқты қабынулар жатады. Жүрек- қан тамыр жүйесі жағынан кейде жүрек бұлшық етінің қабынуы дамиды, бұл жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Осындай өзінің күрделі асқынуларымен тұмау жүктілік кезінде аса қауіпті.
Ең сорақысы - түсік түсу қаупі немесе мерзімінен бұрын босану. Бұдан басқа тұмау салдарынан әлсіреген ағзада, көбінде, пневмококк, гемофиль, стафилакок сияқты бактериалық инфекциялар орын тебеді. Бронхиальді астма, созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуы, бүйрек аурулары және т. б. созылмалы аурулардың қозуы жиі байқалады.
Тұмауды қалай емдейді?
Әрине, тұмауды жұқтырған жағдайда бірден дәрігерге жүгінесіз және сол дәрігерге міндетті түрде жүкті екеніңізді хабарлайсыз, ол тұмаудан емделу жолдарын тағайындай о
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>