Ата-ана

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы









Қазақ тілі пәнінен "Ата-ана. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. "
атты тақырыптағы ашық сабақ жоспары.














Өткізуші: Таткенова Гүлбану Хайдарқызы
Қостанай қаласы 2 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.











Сабақтың тақырыбы: Ата- ана. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін толықтыру;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге,өз ойын толық жеткізе білуге,алған білімдерін қолдануға баулу.
Б) тәрбиелік : оқушыларды өз туыстарын , жақындарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту сабағы
Көрнекілігі: тапсырмалар, кесте, мәтін
Пәнаралық байланыс: психология, әдеп

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, тапсырмалар орындау, өздігінен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.
Оқушылармен амандасып түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу
2. Үй жұмысын тексеру: "Отбасы" - әңгімелеу
Сөздік қорларын тексеру (мәтіндерге байланысты)
3. Білімдерін жан-жақты тексеру: Ережені еске түсіру мысалдар келтіру
4. Жаңа білімді меңгертуге дайындау. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру:
Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді, таныс сөздерді аудару
Жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару Сөздік : нағашы - родственник , по материнский линии, ержету - воз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: