«Ата-ана назарына!» психологтың кеңестері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ата-ана назарына!" психологтың кеңестері.

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

1. Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі.

2. Сабаққа қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

3. Отбасындағы тәрбие жайында пікір алмасу.

Тренинг барысы:

1. Жаттығу: "Кездесу" Жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады (бір шеңбер ішкі, екінші щеңбер сыртқы), әуен тоқтаған кезде шеңдердің қозғалысы да тоқтайды. Екі шеңбер бір-біріне қарайды. Қарама-қарсы тұрған адамдар жұптасады, сол жақтағы екі адам бір-біріне баланың қасиетін айтуы қажет.

2. Жаттығу: "Отбасы туралы ассоцияция". Ата-аналар бір-біріне допты лақтыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Қызықты сұрақтар:

1) Балаңыздың туған күні?

2) Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3) Балаңыздың парталас досы кім?

4)Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

5) Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6) Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7) Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8) Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9) Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10) Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11) Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз айзыңызға түседі?

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығыр.

Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді, Балаға б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: