Қасқыр мен жеті лақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегі әлеміне саяхат
"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
Мақсаты: Оқу-іс әрекетінде "Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Ертегіге байланысты суреттер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба достарым.
Амансың ба, қонақтар,
Біз сіздерді сағындық.
- Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
- Қыс туралы не білеміз?
Кіріспе. Енді балалар бүгін біз " Қасқыр мен жеті лақ" ертегісімен танысамыз
- Балалар қасқыр туралы не білесіңдер?
- Қандай жануар?
- Жабайы жануар, Қауіпті аңдар қатарына жатады.
- Қасқыр туралы мына өлеңді еске түсірейік.
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлырмын,
Ауылды торыймын.

- Ешкі,лақ қандай жануар?
- Үй жануарларына жатады.
- Етімен, сүтімен бізге пайдалы.

- Лақ туралы қандай өлең. тақпақ білесіңдер.
Балалар - Лағым-ау лағым,
Ерке тотай шұнағым.
Ағаштарды кемірсең,
Құлағыңды жұламын
Сергіту сәті: "Қорбаңдаған аюдың. . . "
Тәрбиеші ертегі суреттерін пайдалана отырып,ертегіні әңгімелеп айтады.
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-"Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді", - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: