Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  81 | 82 | 83 | 84 | 85  >  >>

- баптауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық, көрнекілік, ауызша баяндау, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қарағай, шырша, самырсын, арша өсімдіктерінің кеппешөптері, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1 – плаундар тобы, 2 – қырықбуын, 3 – қырықжапырақ тобы. Әр топтан оқушылар шығып, өз аттарындағы өсімдіктер жайында сабақ айтады. Және жалпы қырықжапырақ өсімдіктері жайында айтып, «Мен – саған, сен - маған» атты ойын түрінде бір - біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,
Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.
Балталауға қайтіп оны қиясың,
Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні.
(Қ. Бекхожин)
Кәдімгі қарағай
Жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу, сымбатты болып өседі. Һ40 м, жарық көп түскен жерде тез өседі. Тамыры кіндік тамырлы. Жанама тамырлары ұсақ тамыршаларға бөлініп, микориза түзеді. Жапырақтары өркенге жұптасып орналасады. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діңінен өте көп шайыр ағады. Янтарь – қатып, тасқа айналған сары түсті шайыр. Көпке дейін янтарьды орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Күн тасы» деп атап келген. Қызғылт түсті аналық бүрлер негізгі өзекше мен қабыршақтардан тұрады. Сыртқы қабыршақ – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірігіп, тұқымбүршік түзеді. Аталық бүрлер жасыл сары түсті, өркеннің төменгі жағында орналасады. Тозаңдары ауаға толы, жеңіл болады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдары аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. 13 айдан кейін ұрықтанады. Тұқым 5 айда пісіп жетіледі, ал бүрден пісіп жетілген соң 3 айдан кейін төгіледі. Сөйтіп 21 ай өткен

Страницы: <<  <  81 | 82 | 83 | 84 | 85  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: