ір с абақта айтып жеткізу мүмкін емес болса да оқушылар судың қасиетін терең ұғына алды.
Ү. Үйге тапсырма: « Су – тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазып келу .
Күні : 11. 12. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 26.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Мақсаты:
1. Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.
Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің моделі, «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ. Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақты мынадай өлең жолдарымен бастадым.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.
Сабақтың ұраны: Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Ойын шарты:
4. Іші жұмсақ, сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым сайлап қойдым
Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)
5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)
6. Бір анадан жүз бала
Жүзі де боз бала. (жүзім)
ІІІ. Жаңа сабақ – белгісіз әлемг
Страницы: << < 55 | 56 | 57 | 58 | 59 > >>