л - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеппешөптер, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар.
Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» сұрақтар.
Уақытынды тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі (Ж. Ж. Руссо)
1. Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж. )
2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады?(Жел, жануар, адам, су, өздігінен. )
3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық)
4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар)
5. Тозаңдану дегеніміз не?(Тозаңның аталықтың аузынан аналы аузына келіп түсуі)
6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс)
7. Гүлдің негізгі бөліктері. (аталық, аналық)
8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан)
9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы. (гүлшоғыр)
10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).
ІІІ – Жаңа тақырып.
400 жыл бұрын Ян Ван Гельмонт - бельгиялық зерттеуші тәжірибе жасады Ыдысқа 80 кг топырақ салып, оған күрең ағашын алдын ала өлшеп алып отырғызды.
5 жыл бойы өсімдікке ешқандай тыңайтқыш қоспай, тек жаңбыр суымен қоректендіріп отырды. 5жылдан кейін өлшеп қараса, күрең ағашының салмағы 65кг артқан екен, ал топырақ 50гр кемігенін байқаған. Өсімдіктің 64кг 950г органикалық заттарды қайдан алғаны
Ван Гельмонтқа құпия болып қалды.
1. Тамырдың тыныс алуын оқулықта сипатталған тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Тамыр атмосфералық
Страницы: << < 50 | 51 | 52 | 53 | 54 > >>