Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
0-ден 10-ға дейінгі сандар,толық ондықтар. 100
Мақсаты
0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы.
Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау
Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1. Сандарды қайталау.
Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау
Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.
10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).
5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
3,9,1 сандарының көршілерін ата
6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады? Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
2. Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
3. Қосу кестесін қайталау.
"Мақсатыңа жет" ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.
Тізбектер әртүрлі болуы м
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>