Тақырыбы: "Қашқарияға саяхат"
Мақсаты: а) Шоқанның шығармашылығы, саяхаттары,
зерттеулерімен таныстыру.
ә) Шоқанның ғылымға қосқан үлесін тани білуге үйрену.
б) Шоқан өмірі-үлгі өнеге.
Сабақтың түрі: шығармашылық, ізденіс сабағы
Оқыту әдістері: салыстыру, саяхат, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктері:
1. Буклет
2. ХІХ ғ Қазақстан картасы
3. Орта Азия картасы
4. "Шоқанның зерттеген жерлері" тірек-сызба.
5. Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.
Сабақтың тақырыбы,мақсаты және жоспармен таныстыру.
ІІ. "Ой қозғау" стратегиясы.
Шоқан ол кім? Шоқанды бірнеше қырынан тану. (Сызбаны толтыру) Ғылымға қосқан үлесі.
Кіріспе сұрақтары:
1. Қазақ халқының тарихын зерттеуде алдыңғы қатарлы орыс ғалымдары қандай үлес қосты?
2. Ш. Уалихановтың ғалым, саяхатшы ретінде қалыптасуына өз ортасы мен алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті қалай әсер етті?
3. Ш. Уалихановтың Қашқарға барып саяхат жасауына кеңес берген және "Қашқарға саяхат жасауға тек қана Шоқан лайықты адам", деп айтқан кім?
ІІІ. Жоспары:
1. Текес, Қарқара, Көкжар
2. Ыстықкөлдің солтүстік шығысындағы өзендер
3. Сырт тауы. (Түтек)
4. Қашқария (1858 жылы 1 қазан-1859 жыл 11 наурыз)
5. Шайыркөл
6. Верный. (1859 жыл 12 сәуір)
1857 жылы 22 тамызда Александр патшаға Кавалевскийдің баяндамасы жіберіліп бекітіледі. Патша Қашқарияға экспедиция жіберіп зерттеуге келісімін берді. Бұл істі атқару, экспедицияны жабдықтау Батыс Сібір генерел-губернатор Гасфортқа жүктелді. 1857 жылы қардың жол жаууына байланысты экспедицияны 1858 жылға қалдырады. Экспедицияны ұйымдастырған кезде оны сауда керуені деп лақап
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>