Аққұс туралы аңыз

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

.
Асқақтаған арманына жетпесе,
Мезгілі жоқ жас жүрегі сенді де.
(Жас жігерім, жасымашы болып дал),
Егер ертең алса мені сұм ажал.
Шын дос болсаң, қабіріме сонда кеп:
- Ерте сөнген бауырым! - деп есіңе ал!








"Дос болам десең,. . . ".

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің. . .
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып. . .
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.


"Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!. . . "

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген -- адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.

Қыран күлкі-тамаша -- бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?

Ұйытқып жатыр көңілде кұйын-дауыл,
Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!

Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: -- Ей! -- деседі, -- өй! -- деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес!
Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені.

Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан -- қызылсыз бос қырман да.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенін орның құл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: