Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: "Денсаулық"
Бөлімі: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері
Тақырыбы: "Ас қорыту жүйесі. Асқазан"
Мақсаты: Ас қорыту мүшелерімен таныстыру, оның ішінде асқазан туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: Балаларға салауатты өмір салты туралы түсінік беру. Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту, балалардың бойына тазалық дағдыларын сіңіру. Тәрбиелік: Денсаулықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Адамды бейнелеу ретіндегі сызбасы, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштарн
өшіргіш, жай қарындаш, асқазан суреті.
Сөздік жұмысы: Ас қорыту, ауыз, жұтқыншақ, өңеш. асқазан, ішек,
Қостілдік компонент: асқазан-желудок
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
"Шаттық үні" 01-"Г"-18
Достарменен бір жолда
Иықтасып жүреміз.
Қиындықта қол ұшын
Береріне сенеміз.
Бүгін дәрігер Салауаттың келгенін хабарлайды. Ол ас қорыту ағзалары жайлы әңгімелесетінін айтады.
Шеңбер құрып , тәрбиешімен бірге қимылдар көрсетіп айтады.
Қызығушылық білдіріп, мұқият тыңдайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Дәрігер Салауаттың кеңестерін , өткен оқу іс-әрекетті қайталау, естеріне түсіруді ұсынады.
Құлақты гигенасы жайлы еске түсіреді.
Тақтаға суреттер іліп , назарларын аударады.
-Ас қорыту жүйесіне не жатады?
Сөздік жұмысы: Ас қорыту, ауыз,
жұтқыншақ, өңеш. асқазан, ішек
Асқорыту жүйесінің жұмыс реттілігін айтып өтеді.
Балаларға тақпақ жолын оқып береді, бірге қайталайды.
Балалар, өткенде құлақ дене мүшесі жайлы әңгімелескендері туралы айтады. Құлақ жа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>