Білім беру саласы : Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Сурет салу.
Тақырыбы : "Ғарыш әлемі".
Мақсаты: . Ғарыш әлемін бейнелеуге, дәстүрден тыс заттармен сурет салуға қызығушылықтарын ояту. Бастыру әдісін қолдану арқылы сурет салу , техникасын меңгерту.
Білімділігі: Балалардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту суреттерден көргендерін тереңдету.
Дамытушылығы: Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты ғарыш әлеміне қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап,қорытындылау.
Керек құралдар: Көк түсті парақ,бастырма акварель, су,үлестірмелі материалдар қол сірткіштер.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер құру.
Армысың,қайрымды көк Аспан!
Армысың мейрімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын күн!
Армысыздар қадірлі қонақтар!
-Жарайсыңдар, балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің қалай, жақсы ма?
-Ендеше , жақсы көңіл-күймен орнымызды табайық.
Балалар шаттық шеңберін құрады.
-Иә, көңіл-күйлеріміз жақсы.
Балалар орындарына жайғасады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Тәрбиеші балаларға интерактивті тақтаға назар аударуын сұрайды.
Көктем туалы слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші балалардан қай мезгілді тамашалағандарын сұрайды.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар көктем айларының атауын атайықшы?
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Осы ай қалай деп аталады?
- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>