ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Ауыл шежіресі - өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп,кейінгі ұрпақққа үлгі өнеге боларлық. Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз - сіздерсіздер!Ендігі әнді осы мектептің көркеюіне,талай жылдар бойы өздерінің еңбегі мен оқушыларға өнеге білімдерін арнаған ардагер ұстазымыз Қайрия Қалбанқызына арналады.
орындауында " Ұстазым " әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ән: "Анашым"
1 - жүргізуші:
Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі - ел амандығы ,жұрт тыныштығы. Уайымы сырлас,сыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды,өткен өмір жолын зерделеп ,алдын болжауға тырысады. Қарттар - тіршіліктің төресі.
Жолтай Әскербектің атасының орындауында "Қариялар азайып бара жатыр "әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Қазақтар "Төрінен қарт кетпесін" дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу - біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағынды сақтау.
Мына ән өздеріңізге арналады асыл әжелер
2 - жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндеріңіз көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай!
Жүректе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>