Қарттары бар ел – қазыналы ел

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан әже-аталарымыздың төл мерекесі. Сіздердің өмір жолдарыңыз біз үшін жас ұрпақ үшін табылмас қазына.

1 - жүргізуші:
Халқымыз ерте кезден - ақ адам өмірін жеті шаққа бөлген екен.
Сәбилік шақ - адам дүниеге келген күннен бастап 7 жасқа дейін.
Балалық шақ- 7 жастан 15 жасқа дейін.
Жастық шақ - 15 жастан 25 жасқа дейін.
Есею шақ - 25 жастан 33 жасқа дейін.
Кемелдену шақ - 33 жастан 74 жасқа дейін.
Кәрілік шақ - 74 жастан бастап.
Бүгін сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға биылғы жылдың бірінші сыныбы, ғылым мен білімнің есігін алғаш ашқан, болашақта өздеріңіздей болуға талпынған бүлдіршіндері де келіп тұр. Қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
"Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең",-дей отырып сіздерге тілеріміз өмір жастарыңыз ұзақ болсын деген тілекпен ортаға 2 сынып оқушыларын шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
3 сынып оқушылары өнерлерін шашады

1 - жүргізуші:
"Ақылды қария - ағып жатқан дария" деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз - ұлы бәйтерек болса, біз соның бүршігіміз. Қыңырды жөнге, қисықты түзге салған қариялар арқылы өмірдің түзу жолын, өнердің білім жолын тауып,біз де бір кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.
Қарсы алыңыздар мектебіміздің жас жұлдызы Жолдасбай Тұрсынай " Ата-әже" әнімен.

2 - жүргізуші:
Немеренің бар қылығы сүйкімді
Қуанышқа бөлер әркез қартыңды
Немерелеріңіз сіздерге биін сыйласын
Гүлдендіріп, нұрға бөлеп бүл күнді. - деп билерімен бишілерімізді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: