қтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды.
Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, сол жерде Қазақтың музыкалық драма театрына (қазіргі Опера және балет театры) қабылданған. Ол театр құрамында жүріп Е. Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М. Төлебаевтың "Біржан-Сара", А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет секілді образдарды шебер сомдады. Сондай-ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: "Ақжайық", "Сүйген жар", "Нұржамал", "Жан еркем", "Аққу", "Сүйемін, туған өлкем" т. б.
Ғ. Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті.
1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында
Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды. "Қызыл жұлдыз", "Еңбек Қызыл ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Ән тыңдау: "Нұржамал", "Жан еркем", "Аққу", "Сүйемін, туған өлкем"
Ән талдау:
1. Әннің мазмұны қандай екен?
2. Құрлысы қандай?
Әннің әуенімен жұмыс
1. Әннің екпіні қандай екен?
2. Музыкамен қосылып
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>