Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:08. 10. 14ж
Сыныбы: 4 "А", "Ә", "Б", "В".
Тақырыбы: Әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев
Мақсаты: Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.
Міндеттері:
а) Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.
б)Ән тыңдау арқылы түсініп талдау қабілеттерін дамыту;
в) Өнерсүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Аралас.


I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру. 4. Пәнге деген қызығушылығын,зейінін қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасы. 1 - Жаппас Қаламбаевтың шығармашылығы туралы не білдіңдер ?
2- Қандай талантты қобызшылардан дәріс алды?
3- Кәзіргі таңда осы Жаппас Қаламбаевқа ұқсайтын күйші-қобызшылар бар ма? 4-Өнері кімнен дарыған?
Ән тыңдау: "Әдемі қыз" Әміре Қашаубаевтың орындауында.
Талдау:
а) Бұл ән қалай орындалды?
ә) Ән көбіне қандай ұлттық аспаптарда орындалады?
б) Әннің мазмұны қалай айтылды?

III. Жаңа сабақ. Әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев(1909-1993)
Көрнекті әнші (тенор), композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 4 жасында әкесінен, одан кейін анасынан ерте айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. 10 жасынан домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің ма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: