Архимедова сила

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

а тақырып мазмұны.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың ашу.
1. Жаңа сабақ мазмұны
Біз күнделікті тұрмыста,айналамызда суда жүзіп жүретін денелерді көптеп кездестіреміз. Мысалы,кемелердің,қайықтың,салдың суда жүзуі т. с. с. Сонда денелердің сұйықтықта жүзу себебі неде?Адам аздап малти білсе,су оның жүзуіне ықпал етеді. Бұдан,су өзіне батырылған денеге әрекет етеді деп айта аламыз.
Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед есептеп шығарған.
Архимед (б. з. б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т. б. ойлап шығарған.
Мультфильм көрсету
Архимед туралы аңыз
Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады. Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су қ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: