Ардақты анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ардақты анашым"
(Аналар меркесіне арналған сценарий)
Аналар туралы ән орындалып тұр
Жүргізуші:
Ана деген-бақыттың алтын күні,
Сен бірге бол, анашым, күні-түні.
Жақсы сөздің бәрін де саған айтам,
Құтты болсын мерекең осы күнгі, - демекші, ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоқ шығар. Бүгінгі біздің "Ардақты анашым" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгіліміздегі айтылар ән де, би де бәрімізге өмір сыйлаған ардақты аналарымызға арналады.
Музыка ырғағымен залға Ешкі кіреді.
Ешкі үйдің ішінде отырған лаақтарды анасы сыртқа шақырып алып айтады:
-Лақтарым, шырақтарым айналаға қараңдаршы? Бүгін күн қандай тамаша. Көктем аруы келгені сезіліп тұр. Балалар жаңа мен орманда жүргенде бұлбұлдың хабарлағанын естідім. Орманға көктем аруы келіп, қыдырып жүр екен. Барлық тіршілік иелері сол көктем аруын көруге асығып орманға бет алыпты. Қане біз де жиналып көктем аруын көруге барайықшы.
Саңырауқұлақ:
-Лақтар сендер қайда жол тарттыңдар. Тіпті өздері көңілдісіңдер ғой.
Ешкі:
-Біз орманға көктем аруының келгенін естіп, орманға келдік. Жүр сен де біздің ортамызға қосыл.
Саңырауқұлақ:
-Ешкі алыс жол жүріп келдіңдер шаршаған шығарсыңдар? Сендер отырып демалыңдар. Мен кішкентай саңырауқұлақтарыммен сендерге "Саңырауқұлақтар" биін билеп береміз.
Би: "Саңырауқұлақ"
Жүргізуші:
- Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік.
Ән: "Айналайын анашым"
Қорқынышты музыка ойналып тұрады.
Қасқыр:
-Ой, жақсы болды қарным ашып тұрғанда мына лақтардың өздері кездескенін қарашы. Қарнымды бір тойғызып рахаттанып қалатын болдым.
Ешкі:
-Қасқыр, сен ашуыңды бас, бізге қастық ооойлаудан аулақ бол.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: