Ардақты анашым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

Жүр одан да біздің қатармызға қосыл.
Қасқыр:
-Неге?
Ешкі:
-Сен білмеуші ме едің, орманға көктем аруы келген екен. Біз соны тамашалауға бара жатырмыз.
Қасқыр:
-Ойланып көрейін, бірақ менің қарным ашып тұр еді. Жарайды, сендердің айтқандарың дұрыс шығар мен де сендермен бірге барайын.
Ешкі: Қасеке сен менің балалармның тақпақтарын тамашалап көрші, содан соң өзіңнің жаман ниетіңнен арыласың.
Дарина:
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Адия:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Кәусар:
Көктем қандай көңілді!
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Айша:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп деам алам,
Құшағыңда қысылмай.
Нұрай:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен,
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең!
Саңырауқұлақ:
-Мейірімді көбелек, әсем қанаттарыңды қағып қайда кетіп бара жатырсың? Біз орманға Көктем аруы деп естіп, орманға келдік. Сен сол Көктем аруын кездестірмедің бе?
Көбелек:
-Ия, кездестірдім. Көктем аруы әдемі бір жерде тығылып отыр. Оның бізге қояр шарты бар. Сол шартты бәріміз бірге орындауымыз керек. Шарт орындалған кезде, мына әсем гүлдің қауызы ашылады. Сонда ғана сендер Көктем аруын көру бақытына ие боласыңдар.
Ешкі:
-Олай болса біз оның шартын орындауға дайынбыз.
Көбелек:
-Дайынсыңдар ма, балалар? Олар болса қыздар менімен бірге көбелек биін билейді.
Би: "Көбелек".
Көктем аруы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді сағынып қалдым. Бәрің қандай әдемісіңдер. Мен бүгін Көктемнің алғашқы меркесімен ару қыздарымызды, ардақт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: