Сабақтың тақырыбы: Қар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың қар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат өзгешеліктерін түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту. . есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б) оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
в) түзету жұмыстарын жүргізу/дыбыстардың анық айтылуын қадағалау, сөздің тұтастай айтылуын, байланыстыра сөйлеуін қадағалау/.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, суреттер, тірек сөздер.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, тіл дамыту, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Қабылдағышты тексеру.
Психологиялық бейімдеу.
Психологиялық бейімдеу
"Алақан жылуы" "Мен бауырымды жақсы көремін. Сен ше? "Мен ата-анамды жақсы көремін, т. б.
ІІ. Тыныс жаттығуын жасау.
А
О
И
У /екі рет қол қимылын жасау/
Кезекші дыбыспен жұмыс.
Д
ДА
ДАЛА
ДАЛАДА
Тіл жаттығуы.
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін айдың нешесі?
Қазір қандай сабақ болады?
Біз сабақта не істейміз?
ІІІ. Үй тапсырамасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге қыс тақырыбына сурет салып келу тапсырмасы берілді.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Ойқозғау.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір жылдың қыс мезгілі.
"Қыс" сөзімен байланысты сөздерді атаңдар (қар, суық, боран, аяз, жаңа жыл, шырша,шанат. б. )
Сөздікпен жұмыс.
Қар,шаңғы теуіп жүр.
Суретпен жұмыс.
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Суретте қыс мезгілі бейнеленген.
Қыста ауа райы қандай болады?
Қыста ауа райы салқын болады, қар жауады, боран соғады.
Балалар қайда ойнап жүр?
Страницы: 1 | 2 > >>