Апта күндері 2-cынып

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Апта күндері
Сынып: 2 "А" 4 "Б"
Мерзімі:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға апта күндері туралы мағлұмат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық:. оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, лексикалық, грамматикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірмелі материал.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгелдеу.
Сабақты мұқият тыңдауға шақыру.
Сабаққа белсене қатысып, тәртіп сақтауды ескерту.
2. Фонетикалық жаттығу
-Қазір қай мезгіл?
-Қыс айлары қай айлар?
-Қыста күн қандай болады?
-Қыста қандай киім киеміз?
3. Үй жұмысын тексеру
Доп арқылы сөздерді тексеру (50-51б. )
Жаңа тақырып
Қызығушылығын арттыру. Ребус.
Апта күндері
- Сонда, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (Апта күндері)
- Иә, дұрыс апта күндері. Балалар, аптада неше күн бар?
- Дұрыс айтасыңдар, жеті күн бар. Оларды орыс тілінде еске алайық. Кім айтады? Қане.
3. Жаңа сабақты пысықтау.
- Дұрыс, жақсы. Мен сендерге ертегі айтайын. "Апта" деген ата болыпты, оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бүгін бізге қонаққа келіпті. Бірінші ұлы - Дүйсенбі. Ол сендерге тапсырма бермекші.
Ендеше, балалар,115б. Сөздерге назар аударайық. Сөздік жұмыс. Сөйлем құрастыру. Реттік сан есімді еске түсіру.
115б. 2-т. дәптерге орындау.
116б. 3-т. Жеті ұл. Өлеңін оқу. Жалғастыру.
116б. 6-т. ойын "Аптаның қай күні жоқ?"
Қашан?-Когда?
-да,-де - после гласных, звонких, сонорных.
-та, -те - после глухих согла

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: