Ақпаратты кодтау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітілді: Тексерілді:
Директордың оқу-ісі жөніндегі Аудандық кабинеттің
орынбасары Сыхов М. Т әдіскері Бисенгалиев. А. Б
24. 09. 14ж 01. 10. 14ж

Сабақ тақырыбы: Ақпаратты кодтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кодтау ұғымымен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтау туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасай білуге, бірін –бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: интерактивті тақта арқылы демонстрациялау, түсіндіру, баяндау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, флипчарт.
Сабақ барысы:
І) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын тексеру.
ІІ) Өткен сабақты қайталау. Сұраққа жауап бер.
1. Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат –бізді қоршаған орта туралы мәлімет.
2. Адамдарға ақпарат не үшін қажет?
Адамдар ақпартатты алады, береді және сақтайды, өңдейді.
3. Адам ақпаратты қалай сақтайды? Компьютер ше?
Ақпаратты ойына сақтайды. Ішкі және сырқы жадтарға
4. Ақпарат тасымалдаушыларды еске түсіріңіз?
Магниттік және лазерлік дискілер,флэш-жады,винчестер (қатқыл диск)
5. Ақпараттың өлшем бірлігін атаңыз.
Байт,бит,Кбайт,Мбайт,Гбайт
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Код – ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.
Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу.
Кері кодтау/ декодтау / – кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару
545 - елдің коды
7106 - өндіруші коды
07628 - бақылау коды
1 - тауар коды
Ақпаратты кодтаудың үш негізгі тәсілі бар.



Зағип жандар мен саңырау, сақау жандардын да өз әліппесі болады .
Мысалы: Брайль

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: