23. 09. 2016ж. 5 " Ғ,Ж "
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылығы: компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, "бит", "байт" ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшем бірліктерін білуді дамыту
Тәрбиелігі: Ой толғанықа, мәтіндік ақпарат санын анықтауға, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына шолу:
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т. б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты - граммен және килограммен, т. б. өлшейміз.
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын "қабылдайды". Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда "нөл" мен "бір" бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>