ышқанның оңбатырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.
2. Документы бумасын ашыңдар.
3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі
Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.
2. Байт Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
3. 1 байтта неше бит бар?
4. "Кездесу қыркүйек айына тағайындалды" деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?
5. "Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!" хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.
6. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
Оқулықтың 4 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру
Тексерілді:
Страницы: << < 1 | 2 | 3