Пән аты : Информатика
Сынып : 5 Б
Сабақтың тақырыбы :. Ақпарат оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты : оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Сұрақтар :
1. Информатика дегеніміз не ?
2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар ?
3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар ?
5. Ақпараттың қандай қасеиттерін білесіңдер ?
Осы сұрақтар арқылы оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелеймін.
Жаңа сабақты оқып-үйрену
Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер-оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата - аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>