оны қабылдауыш бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 - ын көру арқылы, 10 - ын - есту, 4 - ын - иіскеу, 3 - ын - дәм сезу және 2 - ын сезу арқылы аламыз .
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі - құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы - адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түріестілетін ақпарат деп аталады.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, "бес" сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандақ, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін.
Ақпараттың қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналаған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың "Ертең" десін. Егере сендер достарыңа: "Біз киноға қашан барамыз ?" деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі - ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.
Сабақты қорытындыла
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>