АҚОТ. Құрастыру Үй құстары

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

" 26 мектеп-балабақша" ККМ
КГУ "Школа-детский сад 26"














Тәрбиеші: Кусайнова Н. С.
Қазақ тіл мұғалімі: Суфиянова Д. М.









Петропавл қ. 2016 жыл
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: АҚОТ. Құрастыру
Тақырып: "Үй құстары"
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй құстарының суреттері, жұмыртқа, жастық, құстың мамығы, слайдтар.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, құрастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын, көрнекілік әдісі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Ашық сабақ.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса бәріміз тұрайық та амандасайық.
Слайд 1
Жарқын, жарқын үйіміз
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар
Қош келдіңіз, бәріңіз!
-Әдемі отырайық, аяқтарымыз бірге, арқамызды тік ұстаймыз. . .
- Балалар бізге бүгін қонаққа Айша апай да келіпті. Айша апай бізді "Ауылға" қонаққа шақырады.
- Барамыз ба Айша апайдың ауылына? ( иә барамыз. )
- Айтыңдаршы, кімнің ауылда әжесі, атасы бар?
- Сендер оларға қонаққа барасыңдар ма?
(Иә жазда әжемнің ауылына барамыз. )
- Ауылға барғанда, үйдің алдында қандай жануарларды көресіңдер?
(сиыр, қой, ат, ешкі)
Ал қандай құстарды көресіңдер? (тауық, әтеш, қаз, үйрек)
- Жақсы балалар.
- Ауылға немен баруға болады?
(ауылға автобуспен, машинамен, поезбен баруға бол

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: