Топ: МДТ-11 Пән: Анатомия ,физиология және мектеп гигиенасы Сабақтың тақырыбы: "Адам ағзасындағы жүйелер" тарауын қорытындылау. Сабақтың мақсаты: Жалпы жүйелер туралы өз ойларын ,пікірлерін. көзқарастарын жеткізе білуі. Білімділік: Оқушыларды жүйелер бойынша алған білімдерін есте берік сақтауға,тиянақты жауап беруге дағдыландыру. Дамытушылық:Оқушылардың тапқырлық,ойлау қабілетінің дамуын,мақал- мәтел,жұмбақтар арқылы сөздік қорын молайту,білімді маман қалыптастыру. Тәрбиелік:Оқушыны өз беттерінше жұмыстар жасауға,ізденпаздылыққа,адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайдтар,плакаттар,макеттер,видеоролликтер
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдістері: бірлескен ұжымдық іс әрекет,жеке,топпен жұмыс,сұрақ- жауап. Пән аралық байланыс: биология ,медицина,валеология ,қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушыларды тексеру 2. Оқушыларды сабақтың мақсатымен,негізгі кезеңдерімен қойылатын талаптармен таныстыру: а/Тәртіп,ұйымшылдық,жауаптылық,ойды ашық және жүйелі түрде жеткізу,батыл сөйлеу,уақытты ұтымды пайдалану. Негізгі бөлім. I кезең. "Ойлы болсаң,озып көр" /сұрақ- жауап/ 1. Адамның ішкі және сыртқы мүшелерінің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым?/Анатомия/ 2. Сүйектен және бұлшық еттен тұратын жүйе? /Тірек- қимыл аппараты/ 3. Асқазандағы қоректік заттың ыдырауы?/ Асқорыту жүйесі/ 4. Сезімталдылық,тітіркенгіштік қасиеттері бар жүйе? /Сезім мүшелері/ 5. Сыртқа шығатын жолы тұйық,оның түсі қызыл сұйық ?/Қан тамырлар жүйесі/ 6. Мұрыннан бастап өкпеге дейінгі жүйе? /Тыныс алу жүйесі/ 7. Бүйрек және қуық жүйесі ? /Зәр шығару жүйесі/ 8. Жұлын мен ми жүйесі? /Жүйке жүйесі/ 9. Адам 20-22 жасқа келгенде шығатын тіс /ақыл тіс/ 10. Адам ағзасының тіршілігі үшін қажет зат /су/ 11.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>