мыр дейміз. Ал енді қамырды тақтайшаның үстіне қоямыз.
Қамырмен жұмыс жасаймыз.
Әр балаға қамырдан кішкентайдан үзіп береді.
Балалар педагогтің іс-әрекетін қарап тұрып, тыңдайды.
2-3 бала педагогке көмектеседі.
-Балалар,енді қамырды екі бөлікке бөлеміз. Енді алдыңғы мүсіндеу сабағында ермексазбен қалай жұмыс істегенімізді еске түсірейік. Біз екі алақанымызбен қамырды сопақ пішін жасаймыз,шет жақтарын әсемдейміз. Екінші қамырды да солай жасаймыз. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
-Ал енді прәндігімізді пешке қоятын тостағанға саламыз.
Сөздік жұмыс: тостаған.
-Ал енді прәндікті аспазға апарып береміз ,аспаз оны пешке пісіреді. Біз дайын тағамды аналарымызбен әжеміздің мерекесіне сыйға тартамыз.
Сергіту сәті. Анамызға
Бала,бала бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған!
Балалар қамыр илейді,прәндік жасайды.
"Тостаған"сөзін қайталайды.
Балалар қол ұстасып шеңбер жасайды.
Тоқтап,қолдарын кеудесіне қояды,қолдарын алға созады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалар сабақтың соңында педагогпен бірге жасалған прәндіктен ауыз тиеді.
Қуанышты жүздері бал-бұл жайнайды.
Страницы: << < 1 | 2