қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі - дегендей 4 "б" сынып оқушыларының көрінісін тамашалаңыздар. 
1-жүргізуші:
Жақсы әнші өнеге,
Сегіз қырлы, бір сырлы. 
Өнерді үйрен бір -- бірлеп,
Әнде шырқап, би билеп. 
Халық айтса біледі,
Талаптыға нұр жауар,
Өнерлі өрге жүзер,
Талаптылар құрқалма! -- деп,
Ортаға 3"а" және 4 "а" сынып оқушыларын хорға шақырамыз. 
"Қазақстаным - Отаным менің"
2-жүргізуші:
Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын. 
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым - деп, ортаға мерекеге қатысушыларды "Қара жорға" биін билеуге шақырамыз. 
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне арналған "Ана тілі - қазыналы бай тілім!" -атты мерекелік іс - шарамыз осымен өз мәресіне жетті. 
2-жүргізуші:
Назарларыңызға көп рахмет!
Қош сау болыңыздар!
		Страницы: << < 1 | 2
