Тақырыбы: "Ана тілім - ардақтым"
Тәрбиеші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Қонақ (Германиядан келген)
- Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, амандасайық қонақпен!
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала - Берлин деп аталады.
Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Бас қала қай қала?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Қай балабақшаға барамыз?
- Нешінші топқа барамыз?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Тәрбиеші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы. )
Тәрбиеші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Тәрбиеші: Қазақ тілі - қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі - қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>