шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар "тілім" деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл - ойым.
Қасиетті қазақ тіл - бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Тәрбиеші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды, мақалдарды тыңдайық.
Ана тілім - менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім - демім,
Ана тілім жаным.
Отан - жерім,
Отан - суым.
Отан қуат, нәр береді.
Отан - ұран
Отан - туым
Отан - мәңгі гүлденеді.
Тәрбиеші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүріде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің балабақша туралы бір ән тыңдайық.
Өлең: " Біздің балабақшада" Орындаушы қазақ тобының балалары.
Отан - сенің ата-ананаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан - аудан, ауылың
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: "Қыз қуу".
Тәрбиеші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:
Ана тілім - елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім - менің,
Баста бақыт құсым.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Ана тілім - анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күнім.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Тәрбиеші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.
Мақал мәте
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>