Ана - өмірдің шуағы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ана- өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, шарлар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана.
Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам ,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
І ж Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ ж Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын алтын анам
Қуанышты берекең
ІІ ж 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
ІІ ж Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік , жұтаңдау жы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: