>Өлең айтып беремін. Сура
6. Жылылықтан жаралған
Құшағы оның - таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен? Амира
7. Ана, ана, анасың,
Әрқашанда данасың.
Ақ сүт беріп өсірдің,
Түн ұйқыңды төрт бөлдің.
Рахмет саған, анашым! Инкар
- Сайысымыздың соңғы кезеңі: "Көктемгі тағам" жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындау.
Жүргізуші: Төртінші кезеңге қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Төртінші кезең бойынша, қатысушыларымызға әділ қазы алқаларының берген бағаларына назар аударсақ. /әділ қазы мүшелері бағаларын көрсетеді. /
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізсе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына уақыт береміз. Әділ қазылар алқасының шешімі дайын болғанша, балалардың әжелеріне арнаған "Әжетайым" әнін қабыл алыңыздар.
Ән:"Әжетайым"
Жүргізуші: Осылайша, "Көктем аруы" сайысы өз мәресіне жетті. Әділ қазы алқаларының шешімін тындап, қатысушыларымызды марапаттасақ. /Аналарды марапаттау рәсімі жүргізіледі/
-Бүгін біз сайысымыздың нағыз ханшайымын таптық. Баршаңызға марапаттарыңыз құтты болсын аналар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапат алған аналарымыз бір марқайып қалған болар. Ендеше сіздер де залда отырып балалардың өнерін тамашалаңыздар. Барлық балалардың қатысумен аналар мерекесіне арналған би, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім. . . Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілейміз.
Ана деймі
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>