Ана-өмір шуағы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ана - өмір шуағы.
1. Балалар музыкамен залға кіреді. (Көктем )
Жүргізуші: Көктемнің алғашқы мейрамы—аналар мерекесі құтты болсын!
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қонақтар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек .
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.
Бүгінгі «Ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады
Сөз беріледі:
Жүргізуші: Күннің шуағы қыс бойы қатып жатқан қар мен мұзды ерітіп, айналаға мейірімін төкті. Кәне, балалар,жан-жағымызға қарайықшы, күннің көзі қайда кеткен. Ол ана тұрған үйде ұйықтап жатыр, кәне, бәріміз барып оятайық.
(Үйге жақындап қағады. Күннің көзі шығады. )
Балалар: Сәлеметсіз бе, күннің көзі?
Күннің көзі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мені неге ояттыңдар?
Жүргізуші: Бүгін аналар мен әжелердің мерекесі, сондықтан бүгінгі күннің шуағы ерекше болу керек. Күннің шуақтарын құрастыру.
Күннің көзі: « Күн көзімен би»
Жүргізуші: Рахмет саған, күннің көзі. Сенің шуағың барлық суықты кетіріп, жылуын беретін болды. Біздің балалардың өнерін тамашалауыңа болады.
Қарақат :
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып мен ойнап күлем.
Азиза:
Менің анам, анашым,
Әлемдегі данасың.
Ислам:
Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Дони
Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан искеп менің,
Құлыншағым күнім дейтін.
Айзере:
Ана деген бақыт қой,
Ана деген асыл ғой.
Екежан:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бізді а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: