оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер). Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1-топ. "Ақмола" бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
- Жалпы мәліметтері
- Рельефі
- Климаты
- Су ресурстары
- Жер бедері
- Халқы
2-топ. "Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық" тақырыбына хабарлама дайындау.
- Жаңа басқару тәртібі
- Экономикасы
- Архитектурасы мен қала құрылысы
- Халқы
- Білім беру
3-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
"Қаланың қалыптасу тарихы"
Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.
- Жылдар
- Қаланың мәртебесі
- Архитектуралық ескерткіштер
4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
"Астананың ақ таңы" (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы) Сабақты бекіту: Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 15 жылдығына арнап газет шығаруды ұсыну.
Үй тапсырмасы:
Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар. Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: "Астана тойы-біздің жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі", "Ұлы істі ұлы халық пен ұлы басшы ғана атқарады", "Сарыарқаның інжу-маржаны" немесе тақпақ шығару.
Страницы: << < 1 | 2