Амандасу салты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету. Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.
ІІ. Дамытушылық: Амандасудың түрлерімен таныстыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру. Рөлдік ойындарға бейімдеу.
ІІІ. Тәрбиелік: Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
слайдтар,видеороликтер,дыбыс жазбалар,жаңылтпаштар, мақалдар,кесте,сурет,ойын, үлестірмелі парақшалар,бағалау парақшасы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест,ойын,түсіндірмелі - иллюстративті.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып , түгелдеу.
2. Ғажайыпстанға саяхат ( Үй тапсырмасы сұралады. )
Кішкентай саяхатшылар Елдос пен Аяжан 2 сынып оқушыларын саяхатқа ертіп шығады. Олар желаяқ мінеді де,сынып оқушыларын 3 топқа бөлініп, "Әдеп","Парыз" , "Өнеге" вагондарына мінеді. Хормен ән айтады.
Кел ,балалар, кәнекей,
Парақтайық әліппи,
Талай қызық күтуде.
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа
Оқы, тоқы, арманда
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та.
Достар, біз Ұмай ананың ауылына келдік.
Ұмай ананың сөзі: -- Саламатсыңдар ма, кішкентай саяхатшылар.
Аяжан мен Елдос бүгін көп достарын ертіп келіпті ғой.
Балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер. (Балалар О. Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды. )
1934-1986 жылдары қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: