Алтын сөз. Несіпбек Айтов

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Гүлдер. Тұманбай Молдағалиев.
Мақсаты: Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың "Гүлдер" атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға, әсемдікке, адамгершілікке баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорытындысын жасау, ойын әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Табиғат көрінісі, жайқалған гүлдердің суреті интерактивті тақтадан немесе жай тақтадан дайын пейзаж көрсетіледі.
ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе.
1. Тұманбай Молдағалиев - қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Сондай өлеңдердің бірі - "Гүлдер". Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар.
2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүлдің суретін таратып береді. Қызғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа, Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.
І тапсырма: "Ой қозғау" ойыны. Жасырынған топтың атын табуы тиіс.
1 топтың аты: түбірі "тапты" деген сөзде, жұрнағы "қасқыр" деген сөзде, жалғауы "балалар" деген сөзде кездес

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: