ot;Алтын сақа" ертегісінің ішкі мазмұнына назар аудару.
Суреттер арқылы мазмұнын еске түсіру.
А) Жоғалған алтын сақа (қара сөзбен айтып беру) (2 - флипчарт)
Ә) Жалмауыз кемпір мен баланың кездесуі (рольдік оқу) (3 - флипчарт)
Б) Жалмауыз кемпір және екі түлкі (қара сөзбенайтып беру) (4 - флипчарт)
В) Жалмауыздан құтылу(оқу) (5 - флипчарт)
Енді ертегінің мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.
Негізгі деңгей
"Алтын сақа" ертегісі бойынша кестені толтыру(6 - флипчарт)
Ертегінің түрі Кейіпкерлер Ертегі қалай басталады Ертегі қалай аяқталады
жағымды жағымсыз
Орта деңгей
1. "Алтын сақа" ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады? Орыс ертегілерімен салыстыр
2. Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде.
Ортадан жоғары деңгей
"Алтын сақа" ертегісін неге қиял - ғажайып ертегісіне жатқызамыз? Ойыңды ертегі мазмұны бойынша дәлелде.
Жоғары деңгей
Ертегінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеп беріңіз.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының "Адам досымен, ағаш тамырымен мықты" деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті. Ендеше, сендер де бір - бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек.
Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау
2. Ертегі бойынша сурет салу
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау
Страницы: << < 1 | 2