балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге "Алтын күз" келіп қалыпты.
-"Алтын күз": - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-" Алтын күз" сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
" Алтын күз":- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: "Көкөністер мен жемістерді жина"
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
" Алтын күз":- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
Балалар, сендерге " Алтын күздің" ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?
Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
Страницы: << < 1 | 2