Алтын күз
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып "Алтын күз" кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,
Страницы: 1 | 2 > >>