Алтын күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МКҚК 162 бөбекжай-балабақшасы






Алтын күз
"Жауқазын"тобы








Тәрбиеші:Маткалыкова М. Ж.




Алматы
"Алтын күз" ертеңгілігі

Ертеңгілік өтетін зал талапқа сай безендірілген. Балалар залға екі ұл бір қыздан кіреді.

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Сәлеметсіздерме балалар, апайлар! Міне бүгін көптен күткен "Алтын күз"мерекесіде келіп жетті. Олай болса бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар айтыңдаршы бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: Алтын күз мерекесі
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса мерекемізді әдемі
әнмен бастайық. Алдарыңызда балаларымыздың орындауындағы "Алтын күз" қабыл алыңыздар.
Ән: "Алтын күз"
Жүргізуші: Ал енді мерекемізге арнаған өлең шумақтарына кезек берейік. Ортаға: Сүндет, Айғаным, Ерсейт, Мариям, Аслан, Анар, Нурали, Інжуді шақырайық.
Сүндет: Мерейлі күз,мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз.

Айғаным: Сап-сары қып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Ерсейт: Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтіп.

Мариям: Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштықта,
Қап-қап қауын алдық біз.

Аслан: Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап береді.

Анар: Көк майса көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Нурали: Алма пісіп,алмұрт түсіп,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: