Күзде бақтар жайнайды,
Құстар қайтып,қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Інжу: Өрік,шие балы бар,
Қауын,қарбыз көбейді,
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жүргізуші: Алдарыңызда тобымыздың әдемі қыздарының орындауындағы "Жемістер" биін қабыл алыңыздар.
Би: "Жемістер"
Жүргізуші: Ал енді тағы да өлең шумақтарына кезек берсек.
Ахмедияр: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Алижан: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып,теріп болғансоң,
Той жасайды халқымыз.
Абзал: Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Алдияр: Жүзім,алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз.
Арлан: Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол салып,
Құстар қайтып барады.
Айғали: Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық,алтын тау.
Нұрсұлтан: Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бір бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Жауғаның қызық-ау.
Жүргізуші: Тобымыздың ұлдарының орындауындағы "Көңілді" биін қабыл алыңыздар.
Би: "Көңілді би"
Жүргізуші: Келесі кезектегі балаларымыздың өлең шумақтарына назар аударайық.
Нұрай: Сары алтын жамылған,
Күз атамыз секілді,
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Ерасыл: Апорт деген алма бар,
Алматы оның мекені.
Ондай алма қайда бар,
Жерді жарған атағы.
Сауле: Тамсандырып таңдайды,
Жеміс-жидек піседі.
Жапыр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>